«Бұл дерек Қостанай қаласының полиция басқармасында тіркелді. Мұғалімге қатысты ҚР ӘҚБК 73-2 бабы «Дене жарақатын салу» бойынша әкімшілік іс қозғалды» делінген ведомство хабарламасында.
Іс деректеріне сүйенсек, Қостанай тұрғыны 5-сыныпта оқитын қызын сабақ уақытында мұғалімнің ұрғанын айтып, полицияға жүгінген. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.20:02, 06 Қыркүйек 2019
Оқушыға қол көтерген қостанайлық мұғалімге қатысты іс қозғалды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдағы мектептердің бірінің мұғаліміне қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.