Атап айтқанда орта мектептер мен ЖОО-ларда тәлім алушылар оқу бағдарламасын қуып жету үшін аптасына жеті күн оқитын болады. Ақпан айында елдегі қатты суыққа байланысты оқушылар бағдарламадан қалып қойған.
Осы орайда тиісті бұйрыққа елдің білім министрі Нуриддин Саидов қол қойды.
Бұл тұрғыда бастауыш сыныптардың оқушыларына ғана жеңілдіктер жасалды, олар аптасына алты күн оқиды. Елдің оқу орындарында қысқы мерзімде орталықтандырылған жылу жүйесінің болмауы проблемасынан соңғы жылдары осындай жағдай қалыптасып отыр.
ВВС-дің жазуынша, соңғы 15 жылда электр энергиясының тапшылығын сезініп отырған Тәжікстанда аязды күндері энергия жүйесін күрделі қиындықтар туындайды.