Оқушылар арасында «Көліктер-2» мультфильмінің сюжетіне жазылған қазақ тіліндегі шығармалар байқауы жарияланды

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - «Болашақ» қауымдастығы мен «Меломан» компаниясы оқушылар арасында «Көліктер-2» анимациялық фильмінің сюжетіне жазылған қазақ тіліндегі шығармалар байқауын жариялады.

Осыған орай, 28 қазан күні сағат 11.00-де «Арсенал» кинотеатрында мектеп оқушылары үшін қазақ тіліндегі голивудтық мультфильмнің көрсетілімі болады. Осындай көрсетілім дәл осы күні, сағат 11.00-де Алматы қаласының «Star Cinema» («Мега» СОО) кинотеатрында өтеді.

Анық болғандай, анимациялық фильмді оқушылар назарына Өскемен, Көкшетау және Орал қалаларының кинотеатрлары да ұсынатын болады.

«Дисней» студиясы үшін қазақ тілі ресми дубляж жасалған 39-ыншы тіл болды. 1 қарашада «Көліктер-2»-нің ресми дискісі көрермендерге жол тартады. Енді дискінің «Тілдер» мәзірінде қазақ тілі пайда болады.