деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш қор ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен жаңа жылдың басынын бейнелеу өнері бойынша "Шамалған менің ауылым", "Мен және менің Отаным!"атты шығармалар байқауын және "Менің Қазақстаным!" деп аталатын патриоттық әндер байқауын, сонымен қатар қолданбалы өнер байқауын өткізген болатын.
"Бейнелеу өнері бойынша байқауға 108 жұмыс ұсынылды. Барлық суреттер асқан шеберлікпен салынып, балалар берілген тақырыпты аша білген. Патриоттық әндер байқауына 100-ден аса оқушы қатысты. Ал, қолданбалы өнер байқауына 145 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде әр түрлі ағаш, бисер, ұлутастардан, балық сүйектерінен және тағы да басқа материалдардан жасалған бұйымдар бар. Шығармалар байқауына 60-тан аса балалар өз жұмыстарын ұсынды. Таңдау қиынға түсті. Себебі, Отанға деген сүйіспеншілікпен, махаббатпен жазылған шығармалар өте көп болды", деді әділ қазылар алқасының мүшесі, "Қарасай аудандық білім қоры" корпоративті қорының атқарушы директоры Еркін Исраилов. Оның айтуынша, шараның негізгі мақсаты - оқушыларды Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеп, талантты балаларды анықтау болып табылады.