Оқушылар арасындағы «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы ең үздік сурет байқауының мерзімі ұзартылды
Байқау «Жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді арттыру» жобасы аясында жарияланды. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы оны ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен, «Сорос-Қазақстан» қоры мен «Ар.Рух.Хақ» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп жүзеге асыруда.
Байқау жастарға қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселелерін көрсетуге және елдің қоғамдық өміріне қатысуын арттыру мен оларды әлеуметтік мәселелерді шешуге тарту, соның ішінде шығармашылық тұрғыдан дамыту мақсатын көздейді. Оның қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстың авторына сілтеме жасалып, кең таралатын оқу құралының мұқаба бетінде жарияланады. Сондай-ақ мақтау қағазы мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының атынан естелік сыйлық тапсырылады.