Оқушылар техникалық мамандықтарды таңдай бастады - мектеп директоры

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы №52 мектеп-гимназиясында «Кәсіпқор» холдингінің оқыту бағдарламалары таныстырылды.

Мектеп директоры Ұлболсын Байтасованың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты - мектеп түлектеріне бүгінгі кәсіби-техникалық білім беру саласын жан-жақты көрсетіп, болашақ мамандықты таңдауға көмектесу. «Негізі, біздің түлектер, көбінесе, гуманитарлық мамандықтарды таңдап жатады. Алайда осындай іс-шаралардан кейін өз таңдауларын өзгертіп, техникалық мамандықтарға барады», - дейді Ұ.Байтасова. Биыл №52 мектеп-гимназиясында 9-сынып бағдарламасын 284 бала аяқтаса, 11-сыныпты 60 оқушы тәмамдап отыр.