Полиция оның қаза тапқанын растады, алайда оның есімін атаған жоқ.
Оқиға бейсенбі күні таңертең орын алған болатын. Бетперде киген қаскөй 5 адамды жаралаған. Олардың екеуі - оқытушы мен жасөспірім. Олар алған жарақаттарынан кейін ауруханада көз жұмды. Тағы бір оқушы ауыр халде. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін күресіп жатыр. Мектеп оқушылары бетіне бетперде тағып, үстіне қара киім киіп, қолына қылыш ұстаған бұл адамды алғашында әзілдеп жүрген біреу деп ойлап қалған. Алайда, ол кейін қылышын сермеп, оларға шабуыл жасаған, деп жазады Би-би-си.