Ішкі істер органдары қызметкерлері бұл күдіктіні қаза болған баланың мүрдесiне қайта жасалған тексеруден соң барып тұтқындаған. Сараптама мектеп оқушысының жүрек тұсына жасалған қатты соққыдан көз жұмғанын анықтаған. Осыған орай қылмыстық iс аудандық сотқа жолданды.
Тоғызыншы сынып оқушысы Медет Жасымбай 2011 жылдың қараша айында өзiнен үлкен жоғары сынып оқушылырының жабылып соққыға жыққанынан мерт болған едi. Марқұмның достарының айтуынша, оны он бiрiншi сынып оқушылары ақша бермегенi үшiн бос қалған ғимаратқа апарып сабаған. Алдын ала тексеру көрсеткендей, өлiм жағдайы бауыр мен өкпенiң езiлiп кетуiнен болған. Басында оны ұрып соғуға сегiз оқушы қатысқаны айтылғанмен, тек 17 жасар Азамат Құрбанбеков қана ұсталған еді.