Оқушының ойы жүйрік болуы үшін ой мен дене тәрбиесі қатар керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар 6-17 жас аралығындағы балалар сабақтан кейін кем дегенде бір сағат дене шынықтырумен айналысу керектігін талмай айтып келеді. Енді олар, шынығу баланың дене тәрбиесіне ғана емес, ойлау жүйесіне де орасан зор әсер ететінін анықтады, деп жазады шетелдік БАҚ

Себебі, дене қимылы, түрлі жаттығулар бала организімінің қалыптасуына, бұлшық еттің, сүйектің дұрыс дамуына әсер етіп, артық салмақтан сақтайды.

Сонымен қатар, дене шынықтыру ойлау қабілетіне де әсер етеді, деп жазады «Vadtime».