Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқыс оқиға Семейден 28 шақырым жердегі Локоть стансасында болған. Кеше, шілденің 31 күні күндізгі уақытта Новосібір-Сарыағаш бағытындағы жүк пойызының 16 вагоны рельстен шығып кеткен.
Апат салдарынан Алматыдан Новосібірге қатынайтын жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Сол күні сағат 21.00-де жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды. Төтенше жағдайды жоюға «ҚТЖ» АҚ-ның 50 адамы мен 1 апатты-қайта қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.