«Қазіргі уақытта зардап шеккен бесінші адам ауруханадан шықты. Амбулаториялық ем алып жатыр. Оған барлық медициналық көмек көрсетілуде. Жағдайы бірқалыпты», - деді Ғазиз Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Ол жәбірленуші ретінде істен өтуде.
«Құдықтағы кісі өлімімен байланысты қылмыстық істі тергеу барысында ережелердің сақталуын тексердік. Құрылыс нормалары мен ережелері туралы айтар болсақ, бұл ретте елімізде 2001 жылы бекітілген құрылыс істері бойынша комитеттің ережесі бар», - деді ол.