Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Оқжетпес» футбол клубы ШЖҚ МКК-да жалпы сомасы 425 млн теңгеге 160 қызметкерге жалақы берешегі бар екені анықталған.
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы қарыз толық өтелді, кінәлілер заңда белгіленген жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.
Айта кетсек, «Оқжетпес» футбол клубы ҚР Премьер-лигасының 2023 жылғы маусымында нашар ойын өрнегін көрсетіп, бірінші лига түсіп қалған болатын.
Еске салайық, Ақмолада шенділер болмаған төтенше жағдайдың салдарын жоюға қаржы жұмсамақ болған.