«Оқжетпес» футбол клубы чемпиондар лигасында өнер көрсетеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық «Оқжетпес» әйелдер футбол клубы тұңғыш рет чемпиондар лигасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін қарашаның 4-де сағат 15:00 кезінде Шымкент қаласында Көкшетаудың «Оқжетпес» әйелдер футбол клубы Грузияның «Ланчхути командасымен кездеседі.

Бұл - жерлестеріміздің чемпиондар лигасының бірінші іріктеу шеңберіндегі алғашқы кездесуі.

Айта кетейік, «Оқжетпес» командасы өткен жылы ел чемпионатында екінші орын алған болатын.