Алматыда өткен матч барысында «Қайрат» үзіліске дейін - төрт, кейін тағы алты гол салды. Үш-үш голдан Тайеби мен Першин салды, дубль авторы Жаманқұлов атанды, бір-бір доптан Эдуардо мен Даниэль бағыттады.
«Қайраттың» бұл жеңісі «Жетісуды» кестенің бірінші орнынан ысыра алды. Бұл ретте, Какаудың шәкірттерінде запаста екі ойын бар.