Трансфер терезесінің соңғы күні көкшетаулықтар Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаевты қатарға қосып үлгерді. Өткен маусымда ол «Ақтөбе» сапында ойнаған болатын.
Еске сала кетейік, Қонысбаев Қазақстан және Қытай құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде алған ауыр жарақатына байланысты екі жылдан астам уақыт доп тебе алмаған еді. Ұзаққа созылған үзілістен кейін ойнаған алғашқы клубы «Ақтөбе» болды.
Ұлан 1989 жылы туған. Бойы - 176 см, салмағы - 62 кг. Жамбыл футбол мектебінің түлегі. Қазақстан Премьер-лигасында алғаш рет 2008 жылы «Тараз» сапында Оралдың «Ақжайығына» қарсы ойнады. Әр жылдары «Астана», «Шахтер», «Қайрат», «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті. Қазақстан құрамасындағы дебюті 2011 жылдың 9 ақпанында Беларусьқа қарсы жолдастық кездесуде болды. Жалпы, ұлттық құрама сапында 32 ойын өткізіп, 3 гол соққан.
Айта кетейік, бұған дейін «Оқжетпес» құрамына Қазақстан құрамасының лидері болған Таңат Нөсербаев та келіп қосылған еді. Өткен турда ол өзі тәрбиеленген «Ордабасы» командасына қарсы ойында капитан болды.