«Оқжетпес» «Пахтакормен» ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оқжептес» БАӘ-дағы оқу-жаттығу жиындары аясындағы жолдастық кездесу бойынша үшінші қарсыласын анықтады. 19 қаңтарда олар Өзбекстанның чемпионы - ташкенттік «Пахтакормен» кездеседі.

«Пахтакор» да «Оқжетпес» сияқты 10 және 24 қаңтар аралығында Шарджа қаласында жиын өткізіп жатыр. Бүгін өзбек командасы Біріккен Араб Әмірлігінің «Дибба Фуджейра» құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Еске сала кетейік, «Оқжетпес» төрт жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 16 қаңтарда олар махачкалалық «Анжи», 19 қаңтарда «Пахтакор» және 20 қаңтарда «Риека» (Хорватия) ФК-мен ойнайды. Төртінші қарсыласы әзірге белгісіз, деп жазды sports.kz.