Ольга Рыпакова әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Бейжіңдегі әлем чемпионатында үшінші орынды жеңіп алды.

Үш секіруде Колумбия спортшысы Катрин Ибаргуэн жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ханна Князева-Миненко (Израиль) жеңіп алса, Ольга Рыпакова (Қазақстан) бұл бәсекеде үшінші орыннан көрінді, деп жазады Спорт.кз.

Бейжің. Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты, үш секіру, әйелдер:

1. Ибаргуэн (Колумбия) - 14,90

2. Князева-Миненко (Израиль) - 14,78

3. Рыпакова (Қазақстан) - 14,77.