Әйелдер арасына үш қарғып секіруден ел намысын қорғаған қос бірдей спортшымыз Ольга Рыпакова және Мария Овчинникова жеңіс тұғырынан көрінді. Ольга төртінші мүмкіндігінде 14.32 метрге секіріп, осы ойындағы екінші алтын медальін қанжығасына байлады. Ал Мария Овчинникова үшінші мүмкіндігінде 13.21 метр ұзындықты бағындырып, күміс медаль иеленді. Қола медальды қытайлық ТанЧюджяу (13.20 метр) жеңіп алды.
Айта кетейік, бүнінгі жарыс жолында тағы төрт жеңіл атлетіміз финалда алтынға таласады. Олар Виктория Зябкина және Ольга Сафронова (әйелдер арасында 60 метрге жүгіру), Михаил Литвин және Елена Микина (400 метрге жүгіру).