Риддерлік желаяқ қыз Элина Михина 400 м қашықтықта екінші келді, ол Азияның жаңа рекордын орнатқан (51,67) брунейлік спортшы Миждат Олувакемиға ғана есе жіберді, деп жазады vksport.kz.
Ольга Рыпакова күткеніміздей Азия чемпионы атанды. Ол соңғы мүмкіндікте 14,32 м ұзындыққа секірді. Бұл да Азия біріншілігінің жаңа рекорды. Үш аттап секіруден тағы бір қазақстандық шебер Ирина Эктова үшінші орында.