Ольга Рыпакова қатысатын 2018 жылғы «Гауһар лиганың» кезеңдері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қатысатын 2018 жылғы «Гауһар лиганың» кезеңдері қай күні өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығына (IAAF) сілтеме жасап хабарлады.

Жалпы «Гауһар лига» 14 кезеңнен тұрады. Оның ішінде 12-сі іріктеу және соңғы екеуі Цюрих (30 тамыз) және Брюссель (31 тамыз) финалдық кезең болып саналады.

2017 жылғы секілді келесі маусымда да үш қарғып секіру «Гауһар лиганың» төрт кезеңінде қамтылған. Жерлесіміз алдымен 12 мамырда Шанхайға барады.

Рыпакова қатысатын «Гауһар лиганың» кезеңдері:

12 мамыр  -  Шанхай (Қытай);

7 маусым  - Осло (Норвегия);

30 маусым - Париж (Франция);

13 шілде - Рабат (Марокко);

30 тамыз - финал, Цюрих (Швейцария).

Айта кетейік, биыл 24 тамызда Цюрихте өткен финалдық кезеңде Ольга Рыпакова чемпион атанған болатын.