Ольга Рыпакова жаңа лауазымға ие болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР жеңіл атлетика федерациясына Азия жеңіл атлетика қауымдастығынан жағымды хабар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия жеңіл атлетика қауымдастығынанкелген хатта Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың құрлықтыққауымдастық комиссиясына мүше ретінде қабылданғаны хабарланған.

Облыстық дене шынықтыружәне спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, аталмыш құрлықтық Рыпаковадан бөлек өзбекстандық АндрейАбдувалие, қытайлық Ван Ю, үндістандық П.Т.Уша, малайзиялық Ли Хуп Вэй жәнесаудиялық Саад Шаддад бар.

Құрлықтық жеңіл атлетикақауымдастығының төрағасы Дахлан Әл-Хамадтың атынан ұйымның бас хатшысыA.Шуггумарран құттықтаған.

«Сіздің біліктілігіңіз бентәжірибеңіз Азия құрлығының жеңіл атлетикасын өрге сүйреуге көмектесетінінесенімім мол», - делінген хатта.

Бұған дейін Қазақстанжеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков жарыстарұйымдастыру жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар