100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты. О.Сафронова бұл көрсеткіші арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.