Ольгинкадағы карантин: Залалданған еттің 80 пайызы жойылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысына қарасты Ольгинка ауылында қараталақ індетіне шалдыққан сиыр малы етінің 80 пайызы алынып, жойылды. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті Аса қауіпті инспекциялар мен биоқауіпсіздікті эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Зәуреш Жұмаділова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықветеринар қызметінен жалтарады. Сиыр ауырып тұрған кезде олар тез арада сойып,етін сатып жіберуге тырысады. Біз еттің 80 пайызын ала алдық, - деді ЗәурешЖұмаділова.

Оның айтуынша, заладанған етті сатып алған адамдардың өзгеде адамдармен байланысы болуына орай қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндайжұмыстар Ольгинка, Николаевка және Аршалы елді мекендерінде қолға алынады.

«Адамдардаөзгеріс болған жағдайда ауруханаға жатқызылады. Қазіргі уақытта байланысыболған адамдардың арасында аурудың жаңа деректері анықталған жоқ. Залалданғанеттің шамамен 20 пайызы желінген. Жалпы144 келі ет алып, жойдық,шамамен 10 келі етті асып жеген»,- деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысының Аршалыауданына қарасты Ольгинка ауылында түйнемеге қатысты карантинжарияланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, Ольгника ауылының 5тұрғыны ауруханаға жатқызылған. Қазір сынамаларға зерттеу жүргізіліп жатыр.Науқастардың жағдайы тұрақты. Елді мекендегі карантин 15 күннен кейін алынады.

Соңғы жаңалықтар