«Ол жылдарды ұмытуға болмайды» - Павлодардағы көрме
07:57, 06 Мамыр 2009
ПАВЛОДАР. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы көркемсурет мұражайында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған ретроспективті көрме ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Павлодардың өнертанушылары мен мұрағатшылары бірлесе отырып, алғаш рет осындай көркемдік-деректі көрме ұйымдастырып отыр. «Ол жылдарды ұмытуға болмайды» деген тақырыптағы бұл көрмеге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы деректі құжаттар, фотосуреттер, Батырлар мен Даңқ ордені иегерлерінің фотогалереясы, соғыс пен ерлік тақырыптарын ашатын графикалық суреттер, мүсіндер қойылған. Көрменің алғашқы келушілері - соғыс және еңбек ардагерлері оның тәрбиелік мәні мен мазмұнына жоғары баға беріп отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында Павлодардың Ертіс жағалауынан 46 мың адам шайқасып, олардың 22 мыңы үйлеріне оралмаған.