М.Данн: «17 жасар жігітпен арамызда жанжал туды, мен тек өз қауіпсіздігімді ойлап, оған оқ аттым», - деп ақталды.
12 адамнан құралған алқабилер алқасы Даннды кісі өлтірді деген айыптың 3 пункті бойынша жазықты деп шешті. кісі өлтіруге кінәлі деп танылған 47 жастағы инженер 60 жылға сотталуы ықтимал. Оның жазасын судья тағайындайтын болады.
Аталмыш оқиға 2012 жылы қарашада Флоридадағы жанар-жағармай құю стансаларының бірінде орын алды. Майкл Данн джиппен келіп тоқтаған Дэвиске және оның достарына өлеңнің дауысын ақырындату жөнінде ескертпе жасаған. Жастар оның бұл сөзіне шамданып, ілік іздеп қасына келген. Тіпті қаруын алып, Майклға кезенген. Өз кезегінде М.Данн көлігінен қаруын алып, оларға қарай бірнеше рет оқ жаудырды.
Тергеу амалдары кезінде М.Данн 10 рет оқ атқандығын анықтаған. Жасөспірімдерде қару табылмады. Жігіттер М.Даннға ешкім сес көрсетпегенін де айтуда.