Аталмыш шарада жас ақындардың өлеңдеріне елімізге танымал айтыскер ақындар мен жазба жырдың шеберлері Серікзат Дүйсенғазы, Балғынбек Имаш, Ерлан Жүніс, Қалқаман Сарин, Ықылас Ожайұлы, Мейіржан Әлібек қатарлы ақындар қазылық жасады.
Жыл жеңімпазын анықтау шарты бойынша жас ақындар екі түрлі қырынан өз өнерлерін ортаға салды. Бірінші айлымда жас ақындар еркін тақырыпта бір-бір өлеңнен оқыса, екінші айналымда ақындарға төрт сөз беріліп, соны өлең жолдарына үйлесімді жарастыра білген ақындардың өлеңдерін қорытындылаған қазылар алқасы бір ауыздан Қытайдан келген қандасымыз жас ақын қыз Еркежан Бейсенбекқызын жеңімпаз деп таныды. Жеңімпазға 70 мың теңге сыйақы берілді.
Жалпы жыр додасына қатысқан 15 ақынның әрқайсысы 20 мың теңгеден сыйақы алды. Кешті белгілі ақын Ұларбек Нұрғалым жүргізді.
Күнсұлтан Отарбай