Нәтижесінде отандасымыз 200 метрге жүгіру сайысының жұбаныш кезеңінде аталған қашықтықты 23,70 секундта ең соңғы спортшы болып кесіп өтті.
Айта кетсек, кеше ол 200 метрге жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынап, белгіленген межені 23,58 cекундта бағындырып, мәреге тағы да соңғы болып жеткен болатын.
Осылайша, Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында боксшы Асланбек Шымбергеновпен бірге Қазақстан туын ұстап шыққан Ольга Сафронова жарысты сәтсіз аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.
Париж Олимпиадасында бүгін, яғни 5 тамыз күні қазақстандық спортшылар стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі секілді 3 жарыс түрінен бақ сынауда.