1976 жылы Өлі теңіздің беті мұхит деңгейінен 398 метрге төмен болған. 2015 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш минус 430 метрге жетті.
20 жылдан кейін Өлі теңіздегі су деңгейі бүгінгімен салыстырғанда тағы 25 метрге төмендейді. Бұрын израильдік ғалымдар 2050 жылға қарай теңіз мүлдем құрып кетуі мүмкін деп болжаған.