Жергілікті азаматша егіз күтіп жүрген еді, бірақ босану уақытынан бұрын тууына тура келді. Перзентханада жарық дүниеге ер бала мен қыз бала келді. Қыз бала инкубаторға орналастырылды, бірақ оның ағасы өлі туған екен. Дәрігерлердің нәрестеге дем береміз деген әрекеттерінен түк шықпай қойды. Осы уақытта нәрестенің анасы өлі сәбиді қолына алып, онымен сөйлесіп, сипай бастайды. Осы кезде ешкім күтпеген жағдай орын алып, өліп жатқан нәресте тіріліп шыға келді.
Қуаныштан жүрегі жарылардай болып қуанған бақытты ананың айтуынша, алғашында аяқ-қолын жыбырлатқан сәби, бір уақытта көзін ашты. Осы оқиғаға ғылыми тұрғыдан еш түсінік бере алмай отырған дәрігерлер әлі күнге дейін аң-таң. Ақыр аяғында дәрігерлер балаға жан бітірген ана махаббаты мен оның үміті деп шешті.
Қазіргі уақытта егіздер мен анасының жағдайы жақсы. Жақын күндері оларды ауруханадан шығарады.