Олигополия меншігіндегі 140 мың гектар мемлекетке қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының қабылдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының аясында мемлекетке жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері және басқа да мүлік қайтарылды.

Прокурорлардың актілеріне сәйкес, құны 43 миллиард теңгені құрайтын заңсыз берілген және мақсатына пайдаланылмаған 7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Соның ішінде, олигополия меншігіндегі құны 6 миллиард теңге болатын 140 мың гектар жер қайтарылды. Жуық арада олигополия субъектілерінің меншігінде болған 160 мың гектар жер қайтарылады.