Олимпиада-2012: Ә.Ниязымбетов эквадорлық боксшыны еліне қайтарды
04:21, 05 Тамыз 2012
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 81 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Әділбек Ниязымбетов эквадорлық қарсыласын қапы қалдырды.
1/8 финалда біздің спортшыға қарсы шыққан эквадорлық Карлос Гонгора Меркадо еш қауқар көрсете алмады. Шаршы алаңның шаңын шығарған Әділбек қарсыласынан 13:5 есебімен басым түсті.