Олимпиада-2012: Ә.Ниязымбетов ширек финалда ирандық боксшыға қарсы шығады

None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 81 келі салмақ санатында жұдырықтасатын  Әділбек Ниязымбетовтің ширек финалдағы қарсыласы белгілі болды.

Ол 1/4 финалда  колумбиялық- Джейсон Варелла Монройдан басым түскен ирандық Эхсан Роузбаханимен жұдырықтасады.

Айта кетейік, 1/8 финалда біздің спортшыға қарсы шыққан эквадорлық  Карлос Гонгора Меркадо еш қауқар көрсете алмады. Шаршы алаңның шаңын шығарған Әділбек қарсыласынан 13:5 есебімен  басым түсті.