Олимпиада-2012: Ғани Жайлауов 1/8 финалда үндістандық Джай Бхагванмен кездеседі
09:11, 02 Тамыз 2012
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 60 және 75 келі салмақ санаттарында бокстан 1/16 финалдық кездесулері өтеді.
Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабаралуынша, еліміздің былғары қолғап шебері Ғани Жайлауов шаршы алаңда Үндістан спортшысы Джай Бхагванмен кездеседі. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат18.30-да басталады.
Естеріңізге сала кетейік Ғ.Жайлауов 29 шілде күні өткен алғашқы жекпе-жегінде тай боксшысы Сайл Ардиді ұтқан болатын.