Оған еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан қалалық және ауылдық тұрғындардан теңбе-тең 1500 респондент таңдап алынды.
Сауалдама нәтижесі бойынша қазақстандықтардың 91 пайызы Лондондағы Қазақстанның олимпиадалық құрамасының өнерін қадағалаған. Олардың ішінде 81 пайызы Ойындардың телевизиялық тікелей хабарын қараған. Сауалдама қорытындысы бойынша сұрау салынғандардың 92,3 пайызы қазақстандық спортшылардың жұмысын жоғары бағалаған, 89,2 пайызы тұтастай алғанда нақ осындай нәтижелер күткендігін айтқан.
Сұрау салынғандардың 74,5 пайызы таяудағы үш айда тренажерлерде айналысып, бассейндерде жүзу, тіпті қарапайым жүгірумен, футболмен, велоспортпен айналысу үшін спорт кешеніне баруды жоспарлауда. Сонымен қатар, олардың 95 пайызы өздерінің балаларын спорт секцияларына жазуға жиналуда.