Олимпиада-2012: Таэквандошы Гүлнафиз Айтмұхамбетова алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында таэквандошы Гүлнафиз Айтмұхамбетова алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты.

67 келіге дейін іріктеу сынында ол Словения спортшысы  Франка Аникпен жекпе-жек өткізген болатын. Тартысты додада қазақстандық спортшының жолы болмады.  Жекпе-жек 11:15 есебімен словениялық таэквандошының басымдығымен аяқталды.