Олимпиада-2012: теннисшіміз Я.Шведова екінші айналымнан өте алмады

None
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - XXX жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова

жекелей сында неміс спортшысы Сабина Лесицкиден ұтылды.

Қазақстандық теннисші бүгін екініші айналымда Германия теннисшісі Сабина Лесицкиден 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіліс тапты. Бірінші айналымда Шведова Румыния теннисшісі Симона Халепті тізе бүктірген болатын.