Аталмыш қашықтықта 8:42.27 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кескен ол, өз тобында 10-орында келді.
Артем Косинов 1986 жылы Талдықорған қаласында туған. Олимпиадаға жолдаманы ол Ресей ашық чемпионатында 3 000 метрге жүгіру жарысында 8 минөт 31,06 секөнт нәтиже көрсетіп жеңіп алды. Жеңіл атлетика бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Артем Косинов соңғы халықаралық жарыстарда аса жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Қазақстан мен ТМД спорт әлеміне таңдай қақтырып келеді.