Ресей Жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында «Сочи-2014» ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко мәлім еткен.
«Ванкуверде шамамен үш млрд. телекөрермен болды. Иә, бізде уақыт тығыздығы американдықтардағыдай болмайды, өйткені Американың басым бөлігін телеарна аудиториясы құрайды. Дегенмен, біз 4 жылдың ішінде телеарна аудиториясы өсімінің трендін байқаудамыз. Сондықтан да біз алғаш рет осындай цифрге сүйеніп отырмыз»,- деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Сочи Олимпиадасы 2014 жылы 7-23 ақпан аралығында өтеді.