ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықта финалға өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол жатрылай финалда бірніші топта сынға түсіп, өкінішке қарай финалдық кезеңге өте алмады. Ол өз тобында аталған қашықтықты бесінші орынмен аяқтады. Осылайша бүгін шорт-трекшілеріміз жекелей сайыс түрлерін медальсыз толығымен аяқтады.
Еске сала кетсек, қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықта жартылай финалға шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Енді жігіттеріміз санаулы минуттардан кейін 5000 метр қашықтықтағы эстафета жарысының «Б» финал сайысқа шығады. Онда ел намысын Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов қорғайды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.