ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан XXIII Олимпиада ойындарында 17 жастағы спортшы чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ақпаратты Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті бүгінгі күннің ең басты жаңалықтарының бірі деп жариялады.
«Сноубординг спортының слоупстайл түрінен бақ сынаған АҚШ спортшысы Редмонд Джерард чемпион атанды. Ол Ақ Олимпиада ойындарының тарихында ХХІ ғасырда дүниеге келген алғашқы чемпионы болып отыр. Джерард 2000 жылы 29 маусымда дүниеге келген»,- делінген ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.