Әйелдер арасында 7,5 шақырымдық спринт жарыста швециялық Шарлотта Калла аталған шақырымды 40 минут 44.9 секундта бағындырып, бас жүлдені жеңіп алды.
Күміс жүлде норвегиялық Марит Бьоргенге ( 7,8 секунд), ал қола медаль финляндиялық Криста Пярмякоскиге ( 10,1) бұйырды.
Аталған додада Қазақстандық Анна Шевченко мәреге 36-шы болып келді. Ал Елена Коломина 54-ші орында.Валерия Тюленова болса, мәре сызығын кесе алмай, 8,77 шақырымда жарыс жолынан шығып қалды.
Қысқы Олимпиада ойындары-2018.
Пхенчхан (Оңтүстік Корея). Тау шаңғысы.
Әйелдер. Скиатлон. 7,5 км классикалық стиль 7,5 еркін:
1. Шарлотт Калла (Швеция) - 40:44.9
2. Марит Бьёрген (Норвегия) - 7.8
3. Криста Пярмякоски (Финляндия) - 10.1
36. Анна Шевченко (Қазақстан) - 3:40.2
54. Елена Коломина (Қазақстан) - 5:43.6
DNF. Валерия Тюленева (Қазақстан).