Олимпиада- 2018: Аяулым Әміренова финалдық кезеңге өте алмады

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан XXIII Олимпиада ойындарында қазақстандық фристайлшы Аяулым Әміренова могул сайысының екінші іріктеу кезеңінде бақ сынап, финалдық кезеңге өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі..

Отандасымыз алғашқы іріктеу кезеңінде 52.78 ұпай жинап (26 орын), финалға жолдама ала алмаған болатын. Алайда, бүгінгі екінші іріктеуде де қателіктерге жол беріп, 38.68 ұпай еншіледі.

Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша, жас фристайлшы 52.78 ұпаймен 17-ші орынды иеленді.

  

Фото:Даниар Майлыбаев