ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Пхенчханда қатты боран соққандықтан биатлон жарысы да кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті арнайы хабар таратты.
Негізі, жарыс кестесіне сәйкес бүгін биатлоннан жарыс жолына Қазақстаннан 15 шақырымдық додада Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова және Дарья Климина сынға түсуі керек болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қатты желге байланысты тау шаңғысы жарысы кейінге қалдырылғанын хабарлаған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.