Олимпиада Пхенчхан қаласында 9-25 ақпан күндері өтеді. Ұйымдастырушылар билеттер алғашқы күндері аз өткенімен, Олимпиадалық алау эстафетасынан соң біршама көп сатылған.
Сатылған билеттерге қарағанда, жанкүйерлер арасында спорттың тау шаңғысы (осы спорт түріне шығарылған билеттердің 81%-і сатылған), шаңғымен жүгіру (79%), конькимен сырғанау (74%) және бобслей (70%) сияқты түрлері мейлінше танымал болып отыр.
Ашылу салтанатына шығарылған билеттердің 67%-і сатылған. Жанкүйерлер 9-18 наурызда өтетін Паралимпиадалық ойындардың 37% билетін алған.