ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Пхенчханда қатты жел соғып тұр. Соған байланысты тау шаңғысының жарыстары кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін аталған спорт түрінен ел намысын қорғап жатқан қазақстандық спортшы Мария Григорова жарыс жолына шығуы тиіс болатын. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті жарыс кестесін 16 ақпанға ауыстырды.
Отандасымыз кешегі жоспар бойынша бүгін Астана уақытымен 10:15 іріктеу сынына, ал одан сүрінбей өтсе 15:45-те финалдық сында өнер көрсетуі керек болған.
Сонымен, бүгін қазақстандық спортшылар Пхенчхан Олимпиадасында тек екі спорт түрінен сынға түседі. Олар биатлоншылар мен конькишілер.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.