ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Денис Тен қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың жұлдызы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, сондай-ақ, Алматыда өткен 28-қысқы Универсиаданың чемпионы Денис Тен жеке өнер көрсететін қысқа бағдарламадан 70,12 (30,77 39,35) ұпай жинады.
Ол 30 мәнерлеп сырғанаушының ішінен төртінші болып мұз айдынға шықты. Енді, ол ертең еркін бағдарламада жарысты ары қарай жалғастыру үшін осы 30 спортшының ішінен үздік 24 орынға кіруі керек.
Фото: Изтургана Алдауева
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.