Олимпиада-2018: Денис Тен жарыстан шығып қалған сайыста жапондық спортшы топ жарды
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір күн бұрын мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада отандасымыз Дени Тен 70,12 ұпай жинап үздік 24 спортшының қатарына іліне алмай жарыс жолынан шығып қалған еді.
Міне, бүгін кешегі үздіктер қатарына ілікен спортшылар еркін бағдарлмада бақ сынап, қос сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Бірінші орынды жапониялық Юдзуру Ханю жеңіп алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 317,85 ұпай жинады.
Бірден айта кетейік, Ханю осыдан төрт жыл бұрын Сочи олимпиадасында да чемпион атанған болатын. Осылайша ол Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ал екінші орынға тағы бір жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Шомо Уно ие болды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 306,90 ұпай жинаса, қола медаль 305,24 ұпай еншілеген испаниялық Хавьер Эрнандеске бұйырды.