Олимпиада-2018: Дмитрий Рейхерд үмітті ақтай алмады

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында Дмитрий Рейхердтен үміт күткен едік, алайда үмітіміз желге ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін фристайлдан ерлер арасынан екі бірдей спортшы - Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков жарыс алаңына шықты. Өкінішке қарай, финалдық кезеңнің екінші кезеңінде қателіктерге бой алдырып, қажетті ұпайды жинай алмады. Дмитрий бар болғаны 58.64 ұпай еншілеп, 8-ші болса, Колмаков 76.10 ұпаймен 7-ші орынға ие болды.

Осылайша қос спортшымыз үздіктер қатарына іліге алмады. Тура кеше осы уақытта спорттың бұл түрінен Галышева Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын.

 

Фото: Даниар Майлыбаев