Ол 1000 метрді 1 минут 17,09 секундта жүгіріп өтіп, жалпы есепте 24-ші орынға табан тіреді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Пхенчханда қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрінен сынға түсуі керек болатын. Алайда, қатты боран салдарынан тау шаңғы спорты мен биатлоннан сынға түсетін спортшы қыздарымыздың жарыстары басқа күнге ауыстырылды.
Сол үшін бүгін Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар арасынан тек Екатерина Айдова ғана өнер көрсетті.
Ал аталған додада бас жүлдені голландиялық Йорин тер Морс (1:13.56) қанжығасына байласа, үздік екінші және үшінші орындарды жапониялық конькишілер Нао Кодайра (1:13.82) мен Мико Такаги (1:13.98) жеңіп алды.