ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан сынға түскен отандасымыз Екатерина Айдова жарысты 21-ші орынмен аяқтады , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол бүгін әйелдер арасында өткен 500 метр қашықтықта бақ сынады. Отандасымыз аталған қашықтықты 38,96 секундта жүгіріп өтті.
Бұл сында бас жүлдені жапониялық Нао Кодара, күмісті Оңтүстік Корея спортшысы Санг Хва Ли ( 0,39) және қола медальді Чехиядан келген спортшы Каролина Ербанова ( 0,40) жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін шаңғыдан ерлер арасындағы эстафеталық жарыста Қазақстаннан Алексей Полторанин, Виталий Пухкало, Евгений Величко және Денис Волотка сынға түсіп, нәтижесінде 8-орынға ие болды. Сондай-ақ, бүгін тау шаңғышы Игорь Закурдаев алып слаломнан сайысқа түсіп, жарысты 51-ші орында аяқтады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.